ТЖМ құтқарушылары өрттен 28 адамды эвакуациялады

27 Маусым, 07:33 505

Бүгін таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. 

Зарина Арман
Бөлісу: