ТЖМ құтқарушылары Маңғыстауда қар қырсауынан 300-ден астам адамды шығарды

Кеше, 21:45 268

Маңғыстау облысында ауа–райының нашарлауына байланысты қалың қар жауды, облыстық маңызы бар «Ақтау-әуежай» автожолында көктайғақ болып, адамдар бар көліктер қарлы боранда қар құрсауында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауынан құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне 362 адам болған 152 автокөлік құралын шығарып алды. Зардап шеккендер жоқ.  

Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.

Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: