ТЖМ құтқарушылары бір жасар балаға көмектесті

27 Қазан, 12:51 420

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері бір жасар балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жас ана бір жасар баласымен Алматыдан елордаға бара жатып, жолда баланы емізу туралы шешім қабылдады. Машинаның тар кеңістігіндегі абайсыз әрекеттердің салдарынан баланың шынтақ буыны шығып жарақаттанды.

Телефон арқылы оқиғаның егжей-тегжейін анықтағаннан кейін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының тәжірибелі қызметкерлері жедел әрекет ету бригадасы қарсы алуға бара жатқанда зардап шеккен бала бар көлік «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пунктіне қарай жүруі арқылы уақытты қысқартуды ұсынды. Осылайша, трассада зардап шеккен баланы қарсы алған құтқарушылар балапанның қолына ауырсынуды басатын дәрі егіп, оны таңып, мазасызданған анасын тыныштандырып, Балқаш қаласындағы көпсалалы ауруханаға апарды, - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: