ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысында 2 адамды қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің Қорғалжын ауданына қарасты Үшсарт ауылының маңында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмаған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар жақын маңдағы елді мекенге 2 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ тарапы төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуды қаперге салады.