ТЖМ психологтары эвакопункттердегі тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр

28 Мамыр, 15:41 512

Атырауда Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған тұрғындар психологиялық көмек алуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы ТЖД психолог мамандары ауыл тұрғындарымен ақпараттық сипаттағы әңгіме жүргізді. Сондай-ақ, психологтар балалармен тренингтер өткізді. Іс-шаралар тұрғылықты жерінен орын ауыстырғаннан кейінгі балалардағы стрессті жеңілдетуге бағытталған.

Сонымен қатар, Атырау облысы ТЖД психологтары «Жедел желі» арқылы қажет болған жағдайда ақпараттық және психологиялық шұғыл көмек көрсетуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: