ТЖМ өрт сөндірушілері жеке тұрғын үйді өрттен қорғап қалды

24 Тамыз, 02:28 698

Бүгін Қызылорда қаласы Қызылжарма кентінде сарайдың шатыры жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында, өрттің жақын орналасқан үйге таралуына жол берілмеді. Өрт 60 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: