ТЖМ-нің ескі техникалары жаңара ма? Министр жауап берді

26 Қыркүйек 2023, 17:30 1197

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов биыл болған ірі орман өрттерінен кейін техникалық жарақтандыруға ерекше ден қойып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспары бекітілді, оның шеңберінде табиғат қорғау және орман мекемелерін, ТЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін нығайту жоспарлануда, - деді ол.

Сондай-ақ жұмыс алгоритмін реттеу мақсатында ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында орман өрттерінің туындағаны туралы хабарларға ден қою бөлігінде келісім бекітілді.

2024-2027 жылдарға арналған орман өрттерінің алдын алу және жою жүйесін жетілдіру жөніндегі жоспардың жобасы әзірленді, - деді ол.

Айта кетейік, Семейдегі орман өрті кезінде оқиға орнына барған депутаттар техниканың тым ескі екенін, жұмыс алгоритмінің дұрыс ұйымдастырылмағанын сынға алған еді.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: