ТЖМ найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

8 Шілде, 17:34 1292

Төтенше жағдайлар министрлігі найзағай кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ведомство мәліметінше, найзағай кезінде бірінші кезекте ашық жерлерден аулақ болғаныңыз абзал. Сонымен қатар жағадан алыстаңыз, өйткені су жақсы ток өткізгіш болып табылады. Бұдан өзге суда шомылуға және балық аулауға болмайды. Темір заттарды алып тастау қажет және ұялы телефонды пайдаланбаңыз. 

Осы ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді жазатайым оқиғалардан қорғай аласыз.  

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінің жағасына найзағай түсіп, ресейлік 40 жастағы қайтыс болды. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: