ТЖМ дәрігерлері жол апатына түскен шетелдік екі адамды аман алып қалды

22 Мамыр, 23:15 628

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жол апатына түскен шетелдік екі адамға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Ақтөбе облысында Самара-Шымкент республикалық тас жолының учаскесінде болған. Жүк және жеңіл автокөліктерінің соқтығысқан. Жол апаты кезінде екі ер адам түрлі дене жарақаттарын алған. 

Дәрігерлер Қырғызстан Республикасының азаматтарына алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендер дереу жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Зарина Арман
Бөлісу: