ТЖМ Бурабайдағы жер сілкінісі туралы хабарламаға түсініктеме берді

4 Ақпан, 18:12 4006

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысындағы жер сілкінісін жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Earthquake қосымшасында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жанында жер сілкінісі болғандығы туралы мәліметтер пайда болды. Бұл қосымша әлемдегі соңғы жер сілкіністерін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Қосымшада хабарланғандай, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 13:57-де болған.

Кейінірек ТЖМ баспасөз қызметі осы қосымшаның деректерін жоққа шығарды және жер асты дүмпулерінің байқалуы тіркелмегенін хабарлады.

4 ақпанда 13-57-де "Earthquake" қосымшасы Ақмола облысының аумағында, "Бурабай" паркінің жанында болған жер сілкінісі туралы ақпаратты жариялады. ТЖМ сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бұл жағдайда жер сілкінісін растамайды,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жансая Әділбек
Бөлісу: