Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкіметтік комиссия құрамында Ұлытау облысында болған төтенше жағдай орнына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысы қайғылы оқиға орнын жеке өзі тексеріп, штаб отырысына қатысты. Министр назары оқиғаның салдарын жоюға тартылған барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге бағытталды.
Айта кетейік, үкіметтік комиссияның құрамында төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев та бар.