ТЖМ автокөлік жүргізу кезінде өрт шықса, не істеу керектігін ескертті

28 Шілде, 17:15 541

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік жүргізу кезінде өрт шықса, не істеу керектігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомстводағылар бірінші кезекте үрейленбеуге шақырды. Бастысы, қозғалтқышты тоқтатып, оталып тұрған көлігіңізді өшіріңіз. Содан соң көліктен шығып, жолаушыларды түсіріңіз. Олар қауіпсіз қашықтыққа (кемінде 10 метр) кеткеніне көз жеткізіңіз.

Міндетті түрде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз. Егер өрт аз және жанып жатқан болса, өрт сөндіргішті пайдаланып, қызыл жалынды өзіңіз сөндіруге тырысыңыз. Есіңізде болсын, отты сөндіруге тырысқанда таза ауаға қол жеткізе отырып, капот қақпағын көтермеңіз. Егер өрт салонда басталса, терезелер мен есіктерді қажетсіз ашпаңыз. Оттегінің жетіспеушілігінен жалын сөніп, жану сатысына өтуі мүмкін.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: