ТЖМ ауылдардың өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттырады

Бүгiн, 09:45 214

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендерді өртке қарсы қорғауды нығайтуда жергілікті атқарушы органдарға қолдау көрсететін «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыруда.

Ауыл-біздің қоғамымыздың негізі және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің тұрақты назарында.

Жоба төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басым бастамаларының біріне айналды. Осылайша мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен еріктілер кезең кезеңімен өңірлерге бірыңғай қолдауды белсенді дамытуда.

Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ шалғай елді мекендерде жедел және тиімді көмек жүйесін құру. Табиғи жағдайлар мен қашықтықты ескере отырып, бұл жерде уақтылы ден қою өте маңызды.

 «Ауыл халқы да қалалардың тұрғындары сияқты қорғалуы керек. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы - бұл ауылда тұратын және жұмыс істейтін адамдар алдындағы біздің тікелей міндетіміз. Біз қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін нақты жағдай жасап жатырмыз», - деді министр.

 Бағдарлама шеңберінде ТЖМ ауыл әкімдіктеріне өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын береді, ерікті өртке қарсы құралымдар мен бекеттер желісі дамуда, еріктілердің кезекшілігі мен жұмысы үшін жағдай жасалуда, барлық жергілікті бөлімшелер үшін бірыңғай визуалды сәйкестендіру енгізілуде.

Жыл басынан бері Абай, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдық елді мекендерінде ведомство басшысының қатысуымен 5 ерікті бекет ашылды, оларға қызмет атқару үшін заманауи техника, жабдықтар мен киім-кешектер берілді.

Биылғы жылдың соңына дейін елде 86 ерікті өртке қарсы құралым мен жергілікті атқарушы органдардың бекетін құру жоспарлануда. Оларды қамтамасыз ету үшін министрлік 185 бірлік өрт техникасын беруді көздеді. Сонымен қатар қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған құралымдарды кезең-кезеңімен жаңартуға ерекше назар аударылды, бұл төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан ТЖМ ауыл қауіпсіздігіне, өртке қарсы қауіпсіздікті, азаматтардың сенімін нығайтуға және еріктілік мәдениетін дамытуға жүйелі көзқарасқа стратегиялық үлес қосады.

Перизат Саденова
Бөлісу: