Қазақстан ТЖМ әскери қызметшілері Жеңіс күніне арналған мерейтойлық шеруге қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 мамырда Астанада Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет құрылымның 170 әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады. Олардың арасында ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бастамасымен құрылған «Айбат» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері бар.
Шеруге қатысушылар орналасқан әскери лагерьге ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев келді. Ол дайындық пен тәртіптің жоғары деңгейін атап өтті. Іс-шарада ТЖМ техникасы — «АЛАН» броньды автомобильдері және «Айбат» бөлімшесінің арнайы машиналары да тартылатын болады.