ТЖМ әскери бөлімдері су тасқынына қарсы іс-шараларды бастады

Бүгiн, 08:32 164

ТЖМ әскери бөлімдерінің қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ әскери бөлімдері Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы өткізілген барлық іс-шараларға қатысқан. 

Сала күштері топтарының құрамында жауынгерлер арықтарды тазарту, қапшықтарды дайындау, су өткізу құрылыстарын тазарту, су айдындарында жағалау сызығын нығайту және жер білігін көтеру, тұрғын үй секторын аралау, елді мекендер көшелерінің бойында су бұру арналарын салу, полипропилен шатырларын төсеу жұмыстарын жүргізді, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Әскери бөлімдер облыстық төтенше жағдайлар қызметтерімен бірлесіп алдын алу іс-шараларын жалғастырып жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: