Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған төс белгі бекітілді

13 Қазан 2022, 20:24 2857

Белгі Қазақстан Ақша сарайында жасалған

Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы ТЖМ басшылығымен келісе отырып, 2022 жылғы 7 сәуірде «Азаматтық қорғау саласындағы ғылым мен білімдегі жетістіктері үшін» төс белгісі  бекітілді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Төс белгі белгілі қазақ ғалым-педагогы, жазушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес Одағының жауынгері және Батыры Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған.

Белгі ТЖМ орталық ардагерлер Кеңесі төралқасының атынан Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлерге, ардагерлерге және ТЖМ қызметкерлерін даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарына үйретумен, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштері органдарының мамандарына басшылары мен мамандарын даярлаумен айналысатын азаматтық қорғау органдарында білім және ғылым саласындағы жетістіктерді дамытуға елеулі үлес қосқан басқа да тұлғаларға тапсырылатын болады.

Белгі Қазақстан Ақша сарайында жасалған.

2022 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» орталық алаңында Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы курсанттарының ант беруінің салтанатты алаңында министр генерал-лейтенант Ю.В. Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.М. Рамазанов, ТЖМ органдары қазақстандық ардагерлер ұйымының төрағасы генерал-майор отставкадағы М.К. Искаковтың, сондай-ақ бөлімше басшылары мен қызмет ардагерлерінің қатысуымен «Азаматтық қорғау саласындағы білім мен ғылымдағы жетістіктері үшін» төс белгісімен алғашқы марапаттау рәсімі өтті.  

Марапатталғандар:

- Үсенова Майдан Маликовна - Мәлік Ғабдуллиннің қызы Академияға қоғамдық жұмыстарға, оның ішінде әкесінің өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайда экспозиция құруды ұйымдастыруға көмектескені үшін.

Табыстауды Академия Алматы қаласында ұйымдастырады.

- Маржықпаев Ермек Боранбайұлы - Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының ТЖМ-мен іскерлік байланыстарды нығайтқаны және Академияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектескені үшін.

- полковник Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы - Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы білім беру үдерісін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, білім беру бағдарламаларын іске асырудағы елеулі жетістіктері үшін, оқу үдерісіне сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің белсенді нысандары мен әдістерін, білімді бақылауды және жаңа интерактивті технологиялар енгізгені үшін.

- Асылбеков Сапарғали Асылбекұлы - ТЖМ ардагері Академияға тәлімгерлікке көмек көрсеткені үшін; жас қызметкерлерді, курсанттарды идеялық-патриоттық және адамгершілік тәрбиелегені үшін; оқу орнында мұражай құрып ұйымдастырғаны үшін.

- азаматтық қорғау полковнигі Исин Бисембай Мүбаракұлы - Академияның өрт-құтқару және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті білім беру процесін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі елеулі жетістіктері үшін.

Сондай-ақ, төс белгілерді министр генерал-лейтенант Ю.В. Ильин Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде және Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин облыстық музейінде қойылған экспозициялар үшін мұражай директорларына тапсырды.

Бөлісу: