ТЖД: Tау бөктеріндегі нысандарға қауіп сейілген жоқ

8 Ақпан, 12:14 1559

Қазіргі таңда Алматыдағы тау бөктерінде қауіп төніп тұрған жүзден аса нысан бар, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова тау беткейлердің етегінде, көшкін қаупі бар бөктерінде үй құрылысын жүргізбеуі үшін жиі мониторинг жүргізілетінін, қазіргі уақытта құрылыс жүргізіп жатқан 90-нан астам ұйым анықталғанын мәлімдеді.

 Барлық нысан бойынша ден қою шаралары қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданды, - деді баспасөз хатшысы.

Құрылыс кезінде құбырлардың дұрыс салынбауы, олардың тау бөктері мен таулы жерлерде дұрыс жұмыс істемеуі апатты салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін жеткізді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: