ТЖД: Орал қаласын су басу қаупі жоқ

21 Сәуір, 23:19 702

Орал қаласын су басу қаупі жоқ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев републикалық ақпараттық штабта өткен брфиингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті деңгейден 7 см асты, бірақ Оралға қауіп төніп тұрған жоқ. Саяжай тұрғындарын алдын ала ескерту жұмыстары жүргізіліп, барлығы қауіпсіз жерге шығарылды.

Су көтерілгенде саяжайды күзетеміз деп қайтып барған азаматтар бар екені анықталды. Құтқару жұмыстары жүргізіліп, су басқан саяжайлардан адамдар шығарылды. Стеновик, 1, 2, 3-саяжайларда су деңгейі көтеріліп, авариялық құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 тікұшақ, 10 қайық, жеке құрамнан 230 жуық адам тартылды. Осы жұмыстардың арқасында Орал қаласына қауіп жоқ, - деді спикер. 

Брифингте сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов эвакуациялаудан бас тартқан азаматтар мәжбүрлі түрде эвакуацияланатынын атап өтті. 

10 эвакуациялық пункте 2360 адам орналасқан, әлі 2786 адамға орын бар. Онда барлық жағдай жасалған, - деді спикер.

Перизат Саденова
Бөлісу: