ТЖД астаналықтарға ескерту жасады

5 Қыркүйек 2023, 12:26 736
6 қыркүйек таңертең Астанада халықты төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыруға арналған дабыл жүйелері іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазір елімізде "Қорғау-2023" республикалық штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Соның аясында 6 қыркүйекте алдын ала болжам бойынша сағат 09.00-де теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарды қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі, - делінген хабарламада.
 
Айта кетейік, қандай да бір төтенше жағдай болған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары іске қосылады. Ол "Баршаңыздың назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.
 
Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар төтенше жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және тағы басқа) қосуға тиіс.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: