ТЖ министрі бірнеше қызметкерлерге жаңа пәтер тарту етті

8 Наурыз, 23:51 691

Астанада ТЖД екі қызметкері жаңартылған қызметтік пәтерлердің кілттерін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов елордалық ТЖД екі қызметкеріне жаңартылған пәтерлердің кілттерін табыстады. Қызметтік жатақханадағы тұрғын үй - жайлар толық жиһаздалған және жайлы тұру үшін қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Жөндеу және жарақтандыру жұмыстары қазақстандық құтқарушылар Қорының қаражаты есебінен жүргізілді. Жақын арада балалар бөлмесі мен кір жуатын бөлме де жабдықталады.

Қазақстан ТЖМ - қызметкерлерді әлеуметтік қолдау ведомствоның маңызды басымдығы екенін және қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету кезең — кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

Асқар Таудай
Бөлісу: