Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды

4 Қазан 2024, 06:22 743

Тянь-Шань қоңыр аюы “Жоңғар Алатауы” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тянь-Шань қоңыр аюы халықаралық Қызыл кітапқа және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ол сүтқоректілер класына жатады және қорықта теңіз деңгейінен 1500-3500 м биіктікте кездеседі.

Аюдың дене ұзындығы 1,5-2,2 м аралығында, ал салмағы 135-200 келіге дейін жетеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: