Туысыңыздың атынан хабарласады: ІІМ алаяқтар схемасы туралы ескертеді

4 Шілде, 16:22 559

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың тағы схемасын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар WhatsApp арқылы сіздің досыңыз не туысыңыздың атынан ақша сұрап хабарлаасады.

Күтпеген жерден досыңыз немесе туысыңыз ірі көлемде қарызға ақша сұрады ма? Міндетті түрде қаражат не үшін қажет екенін және ақшаны қандай шотқа аудару керектігін сұраңыз. Сізге РБК картасы немесе шот нөмірі жіберілуі мүмкін. Егер сіз өзге банк шотына, мысалы, «Каспи» арқылы аударуды ұсынсаңыз, сізге карта қайта шығарылымда деп жауап береді. Алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын осылай пайдаланады. Олар фишинг арқылы мессенджерлерге қол жеткізіп, ұқсас хабарламаларды жібереді, - делінген мәліметте.

Мұндай жағдайда министрлік жақындарыңызға немесе достарыңызға қайта қоңырау шалып, оларға телефон баптауларындағы байланысты құрылғыларды жоюға кеңес беруді ұсынады.

Ол үшін WhatsApp немесе Telegram-ға кіру керек. Баптауларда «байланысты құрылғыларды» таңдаңыз. Егер құрылғы сізге таныс болмаса, «Шығу» түймесін басыңыз, - делінген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: