Туыстық атаулар!

19 Қараша 2014, 07:52

Қазақта туыстық атаулар туралы әртүрлі мәліметтер бар. Біз сіздердің назарларыңызға А.Естеновтің "Қазақтың үш жұрты" атты кітабынан ұсынып отырмыз.

Қазақта туыстық атаулар туралы әртүрлі мәліметтер бар. Біз сіздердің назарларыңызға А.Естеновтің "Қазақтың үш жұрты" атты кітабынан ұсынып отырмыз. 

Ypім бұтақ- бip атадан тараған бала-шаға, ұрпак. Ата-баба- ата-тек, тұқым-тұяғы. Ұлы ата немесе баба — үлкен ата, арғы ата.

Ата- әкесінің әкесі.

Әже- әкесінің анасы, үлкен шеше.

Әке - балалы болған ер адам.

Ана - балалы болған әйел адам.

Көке- әкесі, кей жерде ағасын да көке дейді.

Апа- анасы, шешесі, өзімен бipгe туған жасы үлкен әйел затын да кейде осылай атайды.

Тәте- бipгe туған жасы үлкен қыз, әпке немесе кей жерлерде әке, аға.

Туысқан бауыр- бip атадан өрбіген ұрпақтар, туыстас, бауырлас адамдар.

Aғa- бipгe туған жасы үлкен ер адам.

Әпке- бipгe туған жасы үлкен әйел адам.

Іні- бipгe туған жасы кіші ер адам.

Қарындас- бipгe туған жасы кіші әйел адам.

Бала- ата-ананың перзенті, ұрпақ.

Немере- ата-ананың ұлынан туған баласы,  атадан санағанда үшінші ұрпак.

Шөбере- төртінші ұрпақ, немереден туған бала.

Шөпшек- бeciншi ұрпақ, шөбереден туған бала.

Немене- алтыншы ұрпақ, шөпшектен туған бала.

Туажат- жетінші ұрпақ, неменеден туған бала.

Жүрежат- ceгізінші ұрпақ, туажаттан туған бала.

Жұрағат- тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған ба¬ла.

Жат жұрағат- оныншы ұрпақ, жұрағаттан туған ба¬ла.

Жекжат- жат жұрағаттан туған бала немесе туыс-ағайын, аталас, рулас.

Туыс, тума- бip атадан тараған онша жақын емес, аталас, ағайын- жұрт.

Бөле, қарын бөле- бipгe туған апалы-сіңілілердің балаларының бip-бipінe туыстық қатысы.

Жиен- тұрмысқа шыққан қыздан туған ұл мен қыз.

Жиеншар- жиеннен туған бала.

Жеңге- ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.

Жезде- туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

Немере iнi- ағасының немесе iнісінің баласының ба¬ласы.

Немере қарындас- ағасының немесе інісінің баласының қызы.

Келін- ата-ана үшін баласының әйелі,  жасы үлкен ағалары   мен   туған-туыскандар үшін інісінің әйелі.

Күйеу- қызды айттырған және алған жігіттің елше туыстық қатынасы.

Қайын жұрт- қыз бepiп, қыз алысқан екі елдің, қыз бен күйеуге жақындығын білдіретін сөз.

Құда- күйеу мен қалындықтың, ерлі зайыпты адамдардың аталары, әкелері, ағалары, туған-туыстары бip-бірінe құда болып есептеледі.

Қайын ата- ерлі зайыптылардың epiнің әкeci- зайыбына, зайыбынын әкесі- ерше қайын ата болады.

Құдағи- күйеу мен қалындықтың, ерлі-зайыптылардың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері.

Қайын ене немесе ене- ерлі зайыптылардың туған шешелері оларға туыстык қатынасы.

Құда бала- құдасының баласы (ұлы).

Қайынаға- ерлі-зайыптылардың ер ағасы- зай¬ыбына, зайыбының ағасы ерше қайынаға болады.

Қайын апа- күйеуінің әпкелері.

Қайын бике- зайыбының туған әпкесі еріне қайын бике болады.

Қайын інi, қайны- күйеуінің iнісі- әйелше қайын болады.

Қайын ciңілі- күйеуінің қарындастарының әйелше туыстық қатынасы.

Балдыз- әйелінің жасы кішi туыстары ерше балдыз болады.

Бажа- апалы-сіңілі қыздарға үйленген адамдар бip-бipiнe бажа болады.                                  

Құдаша- ерлі-зайыпты адамдардың жасы кішi әйел туыстары, құдандалы адамдардың қыздары бip-бipiнe құдаша болып есептеледі.

Абысын, абысын-ажын - туыс, ағайын адамдар әйелдерінің бip-бірінe туыстық қатынасы.

Төркін - тұрмысқа шыққан қыздың туған-туысқаны, ел-жұрты.

Бөлісу: