Тұтынушылардың құқықтарын бұзу бойынша өтініштер саны артып келеді

21 Маусым 2023, 05:35 1072

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Брифингте Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков баяндама жасады.

Асқар Тынысбековтің айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын бұзу бойынша өтініштер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді. 2022 жылы министрлік 30,2 мыңнан астам өтінішті қарады.

«Осындай жағдай өзге мемлекеттік органдар бойынша да байқалады. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Өтініштердің үлес салмағы бойынша антилидерлері: бөлшек сауда – 48%, тұрмыстық қызметтер – 19%, электрондық сауда – 9%, ТКШ қызметтері – 5,6%», – деді комитет төрағасы.

Асқар Тынысбековтің айтуынша, өтініштердің ең көп өсімі келесі салаларда орын алған: қоғамдық тамақтандыру – 188% – ға, көлік қызметтері – 143% – ға, медициналық қызметтер-113% - ға, байланыс қызметтері-102% - ға.

Өңірлердегі тұтынушылардың құқықтарын бұзудың ең маңызды бағыттары да анықталды.

Комитет төрағасы өтініштердің динамикасы тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактілерінің көбеюін ғана емес, сонымен қатар тұтынушылық мәдениеттің жоғарылауын, тұтынушылық көңіл-күйдің нақты көрінісін, оның ішінде нарықты сапасыз тауарлар мен қызметтермен толтырудың шынайы жағдайы туралы түсінік беретінін айтты. Әлемдік тенденцияны атап өткен жөн: құқықтық мәдениет неғұрлым жоғары болса, тұтынушылардың өтініштері соғұрлым көп болады.

Сонымен қатар, министрлік азаматтардың мүдделері мен бизнес арасындағы тепе-теңдікті табу міндетімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін трансформациялауды бастады.

Келесі негізгі инновациялар қарастырылған:

Бірінші. ТҚҚ мәселелері бойынша омбудсмен институтын енгізу. Негізгі міндет-тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғауды институционалдық күшейту.

Екінші. Тұтынушылардың шағымдарын қараудың 4 сатылы алгоритмін 2 сатыға дейін жеңілдету, басты мақсат-тұтынушылардың пайдасына құқықтарды қорғау саласындағы бюрократиялық кедергілерді азайту.

Үшінші. Кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушының заңды талаптарын сапалы орындауға ынталандыру мақсатында соттың шешімі бойынша тұтынушының пайдасына айыппұл түрінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізу.

Төртінші. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын коммуналдық, көліктік, медициналық, туристік қызметтер, байланыс қызметтері және өзге де қызметтер салаларына тарату. Міндет-тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану аясын кеңейту.

Бесінші, онлайн-сауда сегментіндегі және жалпы электрондық коммерция нарығындағы заңнамалық олқылықтардың орнын толтыру. 

«Айтылған шараларды қабылдау нәтижесінде азаматтардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуге қанағаттану дәрежесі 2025 жылға қарай 80% - ға дейін болады деп күтілуде», - деп түйіндеді Асқар Тынысбеков.

Берік Арманов
Бөлісу: