«Түсірілім тобы бар екен». Тренд түсірген атасы мен немересі көпшілікті тәнті етті

Кеше, 14:00 417

Желіде би билеп, атасының көмегімен видео түсірген бүлдіршін көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атасы мен немересінің видеосын бүлдіршіннің анасы Әйгерім Жұбатова Instagram парақшасында жариялады.

Тренд түсіру де оңай емес. Көпшіліктің сұрауы бойынша reels етіп салдым. Нағашы атасы мен немересі, - деп жазды видео авторы.

Видеоға қатысты желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізген.

«Кәдімгідей түсірілім тобы бар екен», «Немере өз балаңнан да тәтті» дейтін еді әжем марқұм, соның дәлелі», «Жаным, атасы мен немересі, қандай ыстық видео», «Қазір осындай аталар аз ғой», «Атасының ғұмыры ұзақ болсын! Балалық шағың бақытты болсын! Таудай бол, балапан!», «Немере тәтті деген осы екен ғой, ұрпағыңызбен мың жасаңыз», - деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айгерим Жубатова (@jubatova_aigerim)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: