Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды

Бүгiн, 15:36 395

Қазақстандық танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық әзілкеш бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ассалаумағалейкум, құрметті көрермен! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімнің 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын! – деп жазды ол.

Әртістің денсаулығына қатысты өзге жайттар айтылмаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: