Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қатаңдату оны тыя ма? Депутат пікірі

26 Қыркүйек 2023, 16:40 1181

Заң өзгергенімен, қылмыс азаймады. Қоғамда ұзақ уақыт бойы отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі көтеріліп келеді. Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті отырысында осы мәселе талқыланды.

Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары көбейіп,  сарапшылар зорлық-зомбылықтың көптігіне дабыл қағып жатыр. Комитет төрағасы Снежанна Имашева зорлық-зомбылық фактілері азаймай тұрғанын айтты.

Заңнама жиі өзгеретінін және мәселе түбегейлі шешілмейтінін ескере отырып, біз бүгін отбасылық және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған соңғы заңнамалық жаңалықтардың тиімділігі туралы кеңес беруді ұсынамыз, - деді ол.

Оның сөзінше, заңға өзгеріс енгізілгеніне көп уақыт өткен жоқ. Біздің қазір сүйеніп отырғанымыз – 3 айлық статистика деректері.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты құқыққа қарсы әрекеттерді криминализациялау қажеттілігі және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның нормаларын одан әрі жетілдіру қажеттілігі туралы мәселені көтеруіміз керек, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: