Тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін бағалау жобасы таныстырылды

1 Наурыз, 01:19 692

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдерімен кездесті. Тараптар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен жұмыс жасау және Қазақстан үшін ең үздік және тиімді тәжірибелерді қолдану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлерде отбасыларға кешенді көмек көрсету үшін 68 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта отбасын қолдау орталықтарының қызметін толық трансформациялау жүргізілуде. Орталықтар үшін бірыңғай Тұжырымдаманың жобасы әзірленді, оның маңызды бағыты отбасын қолайсыз әлеуметтік ортадан шығару жөніндегі жұмыста ведомствоаралық өзара байланыс құру. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларын жүзеге асыру бойынша әрекеттер қарастырылды, – деп атап өтті Қайрат Қамбаров.  

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігінің директоры Александер Франц Вольтерс тәуекелдерді басқару құралы болып есептелетін ODARA тұрмыстық зорлық-зомбылық қауіпін бағалау жобасын таныстырды. Ол бұл жобаны болжамның дәлдігі 72% болатын, ғылыми дәлелденген құрал екенін атап өтті.

Қосымшаның көмегімен қайталану мүмкіндігін немесе қауіпті бағалауға болады. ODARA қауіпті бағалауға көмектесетін 13 тармақтан тұрады, бірақ олар бір-біріне әсер етпейді, нәтижелі жұмыс жасайды. Барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен кездесулер жобаның тиімді екенін  дәлелдейді, – деді Александер Франц Вольтерс.

Сондай-ақ тараптар Мәдениет және ақпарат министрлігінің отбасы саясаты саласындағы жұмысының негізгі бағыттарын талқылап, одан әрі ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: