Түркияның Измир қаласында болған атыстан бес адам қаза тапты

12 Мамыр 2023, 16:45 843

Түркияның Измир қаласындағы кофеханада атыс болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, екі топ ер адам Мендерес ауданындағы кофеханада ақша, қарыз мәселесін талқылау үшін кездескен. Алайда кездесу кезінде екі тарап келісе алмай, соңы атыспен аяқталған.

Оқиға орнына бірнеше полиция көлігі, сондай-ақ бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді. Оқиға аудан тұрғындары арасында дүрбелең тудырды. Қазір аталған оқиға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: