Түркиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды

16 Қыркүйек, 10:23 405

Түркиядан бөтеннің мүлкі аса ірі мөлшерде иемденгені үшін Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды. Биылғы тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: