Түркиядан есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті әйел Қазақстанға экстрадицияланды

22 Маусым 2023, 09:23 1089

Бас прокуратура мәліметінше, Түркияның Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері еліміздің Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Енді ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

EL.KZ
Бөлісу: