Американың Maxar Technologies аэроғарыштық компаниясы Түркиядағы жер сілкінісінің алдындағы және кейінгі спутниктік суреттерді жариялады, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Maxar Technologies Twitter-де Түркияның Ислахие қаласының 2022 жылдың 4 қазанында, сондай-ақ 2023 жылдың 7 ақпанындағы жер сілкінісінен кейін түсірілген спутниктік суреттерін жариялады.