Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлау нәтижелері бойынша көш басында келеді.
Ол әзірге 57,36% дауыс жинады. Оның басты қарсыласы – оппозиционер Кемал Кылычдароглуға 35,81% дауыс бұйырған.
Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлаудағы сайлау учаскелері жабылды. Елде және одан тыс жерлерде барлығы 191 884 дауыс беру жәшігі орнатылған. 64 миллион түрік азаматы дауыс беруге құқылы.