Түркиядағы лаңкестік шабуыл: СІМ қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

24 Қазан, 11:04 407

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Анкарада болған лаңкестік шабуылға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, Түркияда болған лаңкестік салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл ақпаратты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Түркия ішкі істер министрі Али Ерликай шабуыл жасаған екі адам сол жерде өлтірілгенін айтып, бұл әрекетті «терроризм» деп бағалады. Билік дерегінше, қаскөйлер алдымен оқ жаудырып, сонан соң жарылыс ұйымдастарды. Соңғы ақпарат бойынша, қайтыс болғандар саны бес адамға жетсе, 22 адам жарақат алған, олардың 19-ы ауруханада жатыр, екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Лаңкестік шабуыл Анкарадағы TUSAŞ зауытының аумағында болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: