Түркияда жер сілкінді

4 Наурыз 2023, 22:15 1673

Зілзала ошағы Челикхан ауданында орналасқан

Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4-ті құраған жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) зілзала жергілікті уақыт бойынша 08:27-де болғанын айтты. Жер сілкінісінің ошағы Челикхан ауданында орналасқан. Ошақ 7 шақырым тереңдікті құраған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзаладан соң 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.

Сонымен қатар Түркияның  оңтүстік аймағында магнитудасы 5,6 балды құрған жер сілкінісі болды.

Зілзала ошағы Кайсери қаласынан батысқа қарай 16 шақырымда, «Эрджиес» тау-шаңғы курортының маңында орналасқаны айтылды.

EL.KZ
Бөлісу: