Түркияда жарылыстан бес адам қайтыс болды

10 Маусым 2023, 17:24 801

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі MKE қорғаныс компаниясындағы жарылыстан қызметкерлер қаза тапқанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Анадолы ақпарат агенттігінің жазуынша Анкараның Эльмадағ ауданында орналасқан зымыран техникасы мен жарылғыш зат шығаратын MKE  зауытында жойқын жарылыс болған. Оқыстан болған апаттың салдарынан бес адам бақилық болды. Бұл туралы бүгін Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. 

Министрлік 10 маусым күні таңертең болған қайғылы оқиғаны әкімшілік тергеу басталғанын жеткізді. Қазіргі уақытта жағдайды құқық қорғау органдары зерделеп жатыр. Зауыт қызметкерлерінің жақындары кәсіпорынның алдына жиналып, қандай да бір хабар күтуде. 

Зардап шеккен біраз жұмысшы жедел жәрдем көлігімен төңіректегі ауруханаларға жеткізілгені белгілі болды. Сонымен қоса зардап шеккен кейбір жұмысшылардың жағдайының ауыр екені айтылды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: