Түркияда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Кеше, 11:01 252

Түркияның Болу провинциясындағы тау-шаңғы демалыс орнындағы өрттен опат болғандар саны 76-ға жетті. Бұл туралы бауырлас елдің Ішкі істер министрі мәлімдеді,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көз жұмған 52 азаматтың есімі анықталды.  Оқиғаны тергеу барысында 9 күдікті ұсталды. Бүгін Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды. Түрік жұрты қара жамылды. Елде бүгін ұлттық аза тұту күні. Президент Реджеп Тайип Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кінәлілердің лайықты жазасын алатынына сендірді. 

 Өрт сөндіруге 156 техника мен жеке құрамның 428 маманы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталды. Оқиға бүге-шігесіне дейін зерттеліп жатыр. Осы қайғылы оқиғаға себепкер болғандар заң алдында жауап береді. Сыздаған жүрегіміздің жарасын сипаттауға сөз жетпейді. 1 күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Бүгін елімізде және шетелдегі өкілдіктерімізде туларымыз төмен түсіріледі. Бұл күн – бірлік пен ынтымақ күні, - деді президент.

Өрт Түркия уақытымен шамамен түнгі сағат 3 жарымда демалушылар терең ұйқыда жатқан кезде 12 қабат ғимараттың төртінші қабатындағы асханада тұтанған. 

Өрттің шығу себебі 6 прокурор анықтап жатыр. 9 күдікті қамауға алынды. Арасында қонақүй иесі бар. Елдің ішкі істер министрінің айтуынша, өрт себебі 10 күннің ішінде анықталуы керек.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: