Түркияда тағы да жер сілкінді

1 Наурыз 2023, 01:17 1506

Елдің оңтүстік аймағында зілзала тіркелді

Түркияда тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz The Eastern Herald агенттігіне сілтеме жасап.

Магнитудасы 5,6 балды құрған жер сілкінісі елдің орталық бөлігінде тіркелген.

Зілзала ошағы Кайсери қаласынан батысқа қарай 16 шақырымда, «Эрджиес» тау-шаңғы курортының маңында орналасқан. Дүмпу ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзаладан соң 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.

Түркияда  бұған дейін Малатия провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болған еді. 

EL.KZ
Бөлісу: