Түркияда тағы да жер сілкінді

17 Ақпан 2023, 08:17 2708

Зілзаланың магнитудасы 5,1-ді құраған

Түркияның оңтүстік-шығысында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Зілзала магнитудасы 5,1-ге жеткен.

Елдің Төтенше жағдайлар басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, жерасты дүмпуінің ошағы Жерорта теңізінде 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Бұл Хатай провинциясындағы теңіз жағалауы аумағынан 5 шақырымға жуық жерді қамтиды.

Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзаладан соң 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.

Бұған дейін Түркияда зілзаладан кейін 248 сағат өткенде 17 жастағы қыз құтқарылғаны туралы жазған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: