Түркияда тағы 4,7 балдық жер сілкінісі болды

8 Наурыз 2023, 12:35 1106

Түркияның Кайсери провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдай салдарын болдырмау және жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 14.47-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы Инжесу ауданында болған.

Жер сілкінісінің ошағы 12,8 шақырым тереңдікте болған.

Түркияның Telegram арналарының хабарлауынша, Кайсери провинциясындағы жер сілкінісі көшкінге себеп болған.

EL.KZ
Бөлісу: