Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла провинциясында туристер мінген автобус жолаушылар көлігіне соқтығысып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.
Тағы 30-дан астам адам жарақат алды. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына тежегіштің істен шығуы себеп болған.
Ақау кесірінен автобус жол жиегінде тұрған бірнеше жолаушылар көлігіне, артынша үйге соғылып барып тоқтаған. Көлік ішінде экскурсияға шыққан жергілікті студенттер болған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.