Түркияда қазақстандық театр ұжымы тарихи драманы көрермен назарына ұсынды

26 Сәуір, 21:00 772

Қазақстандық ұйғыр театрының ұжымы Анкарада биыл жарық көргеніне 950 жыл толған «Диуани лұғат ат-түрік» атты кітабын бізге мұра етіп қалдырған есімі әлемге әйгілі ғұлама Махмұд Қашқаридың өміріне арналған Акрам Ахметовтың «Махмут Қәшқәрий» (режиссері Мұхит Изимов) тарихи драмасын көрермендер назарына ұсынды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер ұжымы Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» ұйымының арқау болуымен ұйымдастырылған гастрольдік сапары аясында түркиялық көрермен назарына ұсынған. 

(Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі)

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры концерттік бағдарламасы “Анкара кескіндеме мүсін мұражайы” атты театрында өтті.

Концерт соңында Халықаралық “Түрксой” ұйымының Бас Хатшысы Султан Раев сөз сөйлеп, театр әртістері Ниязжан Турсунов, Нуралим Варисов,  Давутов, Турған Изимов, Гайрат Тохтыбакиев, Дилшат Аманбаев, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі Гульбахар Насирова және бас суретші Гузель Мамединованы  “Түрксой” ұйымының  мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ ұйғыр театрының басшысы Дилмурат Бахаров, аталмыш гастрольдік сапарды ұйымдастыруына ат салысқан бұл ұйымға ризашылығын білдіріп, Султан Раевқа сый тапсырды.

(Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі)

Зарина Арман
Бөлісу: