Түркияда Procter & Gamble зауытының жеті қызметкері кепілге алынған

2 Ақпан, 08:29 742

Ыстамбұлдың шығысындағы Procter & Gamble зауытында екі қаскөй жеті адамды кепілге алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Cumhuriyet мәліметінше, қаруланған ер адам Газа секторындағы жағдайға қарсылық ретінде зауыт қызметкерлерін кепілге алған.

Қарулы екі ер адам адамдарды ұстап отыр, оларда бомба болуы мүмкін, олардың бірі зауыттың бұрынғы қызметкері, - делінген мәліметте.

Экс-қызметкер оқиға орнынан әлеуметтік желіде трансляция жасаған.  

Кепілге алынған адамдардың бірінің туған күні екен, қаскөйлер оған мерекені атап өтуге рұқсат берген.

Перизат Саденова
Бөлісу: