Түркияда президенттік сайлау күні жер сілкінісі болды

15 Мамыр 2023, 01:28 798

Түркияда 14 мамыр, президенттік және парламенттік сайлау күні, жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зілзала елдің орталық бөлігінде тіркелді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 болған.  

Ал оның ошағы 5 метр тереңдікте болған.

Зілзала 8 600 тұрғыны бар Қахраманмараш провинциясындағы Андырын ауданынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде тіркелген.

Берік Арманов
Бөлісу: