Түркияда президент сайлауы мәресіне жетті

28 Мамыр 2023, 21:25 2358

Түркияда президент сайлауы аяқталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ел басшысын сайлаудың екінші кезеңі өткен болатын. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен сағат 17.00-де (Астана уақытымен 20.00-де) жабылды.  

Ел ішінде және өзге мемлекеттерде барлығы 191,8 мың жәшік орнатылды. Дауыс беру аяқталысымен Түркияның Жоғары сайлау кеңесі (орталық сайлау комиссиясы) бюллетеньдерді санауға бірден кіріседі. Аздаған уақыттан соң алдын ала қорытындыны жариялауға тыйым салынады деп күтілуде.

Дауыс беру құқығына ел ішіндегі және одан тысқару аумақтарда тұратын 64 млн түрік азаматы ие. Шет мемлекеттерде сайлау 24 мамыр күні бюллетеньдер Анкараға жеткізілді. Дауыс беру аяқталған соң оларды да санау басталады.

Президент сайлауы республиканың 81 провинциясында айтарлықтай құқық бұзушылықсыз өткен. Тәріпті 600 мыңнан астам полиция және жандармерия қызметкері қадағалады.

Берік Арманов
Бөлісу: