Түркияда лай көшкіні жүріп, бір адам көз жұмды

21 Қараша, 14:13 349

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ВВС мәліметінше, Чайели ауданында толассыз жауын жауып, алты қабатты тұрғын үйдің іргесіндегі топырақ сусып, бірінші қабаттағы бір пәтердің қабырғасын опырып жіберген. Салдарынан бір адам қайтыс болды. Тағы кемінде төрт адам жарақат алған.

Құтқарушылар ғимараттан тұрғындарды эвакуациялады.

Чайели билігі лай көшкіні әлі де жүруі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: