Түркияда 155 сағат үйінді астында қалған бала құтқарылды

13 Ақпан 2023, 02:22 3190

8 жастағы Семих Эге Индже аман-есен табылды

Газиантептегі Нурдагы ауданында 155 сағат үйінді астында жатқан 8 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Семих Эге Индже Йунус Кая тұрғын үй кешеніндегі үйінді астынан табылған.

Бала ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар сол ғимараттың үйіндісінен тағы 6 адамды аман-есен алып шықты.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7 балдан асатын жойқын екі жер сілкінісі орын алды.

Сондай-ақ елдің вице-президенті Фуат Октай Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 30 мыңға жуықтағанын айтқан болатын.

EL.KZ
Бөлісу: