Түркия шетелдік футболшыларға лимит енгізді: Зайнутдиновтің тағдыры не болмақ

12 Қаңтар, 12:46 1083

Түркияда жергілікті футбол клубтарында легионерлерге лимитті күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Суперлигадағы әр клуб шетелдік паспорты бар 14 ойыншыны қатарына қоса алатын. Бұдан былай 12 футболшымен шектелуге тура келеді.

Оқи отырыңыз:

Сөйте тұра өткен маусымда Түркия Қазақстан секілді түркітілдес елдердің өкілдері үшін шектеуді алып тастаған. Елдің футбол федерациясы осы ереже бойынша келісімшартқа қол қойған футболшылар келісім мерзімі аяқталғанға дейін легионер саналмайтынын мәлімдеді.

Осылайша, қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов шектеулерден тыс қалып, 2027 жылға дейін «Бешикташ» сапында ойнай береді. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: