Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жергілікті телеарнаға берген сұхбатын кенет үзуге тура келді. Себебі Түркия басшысы асқазан тұмауына байланысты тікелей эфирде өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ердоғанның тығыз жұмыс кестесіне байланысты сұхбат сейсенбі күні түнде өтті. Тікелей эфир тілші министрлер кабинетіндегі өзгерістер жайлы сұрай бастағанда үзілді.
Ең алдымен сізге денсаулық тілеймін. Кеше де, бүгін де сайлауалды жұмыс көп болды. Сондықтан асқазан тұмауын жұқтырып алыппын. Бағдарламадан бас тарту туралы ой келген. Бірақ сөз беріп қойған соң келеміз деп шештік. Сізден де, көрерменнен де кешірім сұраймын,- деді Ердоған үзілістен соң.
Екі қысқа сұрақ қойылған соң жүргізуші сұхбатты тоқтатып, «президентке демалуға мүмкіндік берейік» деді.
Кейін президенттің ресми өкілі Ибрахим Калын Twitter-де Ердоғанның денсаулығы жақсы екенін айтты.
Президентіміздің денсаулығы, Аллаға шүкір, жақсы, - деп жазды Калын.
Midesini üşüttüğü, ayakta duramayacak kadar yorgun olduğu halde yayına çıkan ve ara vermek zorunda kaldığı için milletinden İKİ KERE özür dileyen adamla,
— OĞUZ KHAN 🇹🇷 (@OguzKhanTweets) April 25, 2023
“Görev için çocuklarımı ihmal edemem” deyip tatile çıkanları yarıştırıyoruz.
Bu ayıp bize yeter ! pic.twitter.com/KXlxowQsGB
Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырға жоспарланған.