Түркия клубы Қазақстанның үш ойыншысына қызығушылық танытып отыр

28 Маусым 2023, 23:32 1264

Түркияның «Бешикташ» клубы Қазақстан құрамасының үш ойыншысына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Fotomaç мәліметінше, Түркияның 16 дүркін чемпионы жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов (ЦСКА, Мәскеу), Арман Кеңесов («Ақтөбе») мен Эльхан Астановқа («Астана») назар аударған.

Түркия басылымы бұл тізімде Зайнутдинов көш бастап тұрғанын жазды. Өйткені Түркияда алдағы маусымда қазақстандықтар легионер саналмайды.

Түркия Суперлигасының қазіргі жеңімпазы — «Галатасарай».

Асқар Таудай
Бөлісу: